Алматыда қалалық сот ғимаратынан барлық қызметкерді эвакуациялады
Алматыда қалалық сот ғимаратынан барлық қызметкерді эвакуациялады
Фото: tengrinews.kz
Алматыда қалалық соттың ғимараты қоршауға алынды. Барлық судья мен қызметкерлер эвакуацияланды. Tengrinews.kz-тің жазуынша, бұл туралы соттың ресми өкілі Абай Жарылқасын мәлімдеді.
«Бүгін Алматы қалалық сотының кіріс кеңсесі поштасына түрлі сипаттағы қоқан-лоқы жасалған хабарламалар келіп түсті. Осыған байланысты қазір  сот ғимаратында хабарламалар тексеріліп жатыр. Құрметті азаматтар, түсінбеушілікке жол бермеу үшін процестердің кейінге қалдырылғаны туралы хабарлаймыз»,, делінген ресми хабарламада.
Басқа мәлімет жарияланбады.