Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасына барып, жаңа нысандары – Ядролық медицина орталығы мен емдік-диагностикалық блокпен танысты, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Президентке алдымен қыркүйек айында ашылатын Ядролық медицина орталығының диагностика блогы таныстырылды. Ядролық медицина орталығының іске қосылған кезде диагнозын қою қиын қатерлі ісік ауруларын, сондай-ақ кардиология және неврология ауруларын ерте кезеңінде анықтайды. Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа орталықтың қызметі – емделуге жолдама берілген әрбір қазақстандыққа ортақ. Бұл орталықтың ерекшелігі – қазір әлемдік медицина индустриясында қолжетімді позитронды эмиссиялық компьютер томографиясы. Сканерлеу жылдамдығы жоғары бұл аппарат диагноз қою сапасын арттырады. ПЭТ/КТ зерттеуінен өтетін пациенттердің санын жылына 3 мыңнан 7 мыңға дейін арттырады. Мамандардың айтуынша, қазір бұл аппараттың Орталық Азия мен ТМД елдерінде баламасы жоқ.