Оқу-ағарту министрлігі орыс тілінде оқытатын сыныптарды жабу туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды Stopfake.kz. Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде 6-7 жыл ішінде қазақстандық мектептерде орыс тілінде оқытатын сыныптар жабылатыны туралы ақпарат таратылып жатыр. Бірақ бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
«Қазақстанда орыс мектептерінің болашағы бар ма?» материалы екі жыл бұрын 31 арнада «Информбюро» эфирінде шыққан. Оған елордадағы №90 гимназияның директоры Аятжан Ахметжанұлының пікірі ұсынылған БАҚ-тағы ақпарат негіз болған. Сюжетте орта білім беру саласындағы үрдістер талқыланған еді. Сондай-ақ орыстілді мектептердегі оқушылар санының азаюы сөз болған болатын. Гимназия директоры қалған оқушылар болашақта бәсекеге қабілетсіз болып қалуы мүмкін деген пікірін білдіріп, ата-аналарды мемлекеттік тілді меңгеру үшін балаларды қазақ мектептеріне беруге шақырды. Сонымен қатар сюжетте білім сарапшыларының қазақ лигасының вице-президенті Наталья Дрейттің де пікірі ұсынылды. Ол орыс және қазақ мектептері толып кеткен және мәселе мұғалімдердің жетіспеушілігінде, ал бұл жағдайды педагогтердің мәртебесі туралы заң өзгертуі тиіс деп мәлімдеген болатын. Бүгінде бұл материал пабликтерде әдейі бұрмаланып жарияланып жатыр», – деп түсіндірді «31 арна» өкілдері.
«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақ сыныптарында да, орыс тілінде оқытатын сыныптарда да орыс тілі бұрынғыдай оқытылады, басқа жоспар жоқ», – деді Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.