Ақмола облысында 12 жастағы қызды зорлаған ер адам ұсталды
Ақмола облысында 12 жастағы қызды зорлаған ер адам ұсталды
© gov.kz
318
оқылды

Ақмола облысында 12 жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Рolisia.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 13 тамыз күні Ақмола облысының Аршалы полиция бөлімшесіне кәмелетке толмаған қызды зорлау фактісі туралы арыз келіп түскен.
"Сол күні күдікті "ізін суытпай" ұсталды. Полиция оның жеке басын анықтады, ол жергілікті тұрғын болып шықты. Аталған фактіге байланысты қажетті сараптамалар тағайындалды", – делінген хабарламада.
Ұсталған адамның кінәсі дәлелденсе, ол 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.