Біздің елімізде кімдер ең жоғары айлық алып жүр?
Біздің елімізде кімдер ең жоғары айлық алып жүр?
485
оқылды
2021 жылдың соңында ең жоғары жалақы құрылыс саласының басшысына тиесілі болды - 4,5 млн теңге. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, «Шикі мұнай және табиғи газ өндіру» саласындағы бас директордың жалақысы 3,9 млн теңгені құраған. Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа көтерме саудада сату» саласындағы инвестициялық жобалар жөніндегі директордың айлық жалақысы да дәл осы сомада. Жалақы мөлшері лауазымға және экономикалық қызмет түрі, аймақ, біліктілік, жұмыс өтілі және басқалары сияқты маңызды факторларға байланысты. 2021 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша жұмысшылардың жалпы санының 0,1%-дан азы 3,9 млн теңгеден астам жалақы алған. Халықтың 28,4 пайызының жалақысы 275 мың теңгеден астам соманы құрады. 2022 жылдың екінші тоқсанында республика бойынша атаулы жалақының орташа мәні 312 мың 011 теңгені құрады.