5 өңірде ескерту жарияланды
5 өңірде ескерту жарияланды
© sn.kz
249
оқылды
«Қазгидромет» РМК 16 тамызда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.  Атап айтқанда, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде шығыстан және оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық сақталады. Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысы мен шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақмола облысының батыс бөлігінде солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Жетісу облысының солтүстік-шығысында жел соғады, екпіні 25 м/с артуы ықтимал.