Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов колледж директорларының төмен жалақы алатынын айтты, – деп жазады inform.kz. Министрдің айтуынша, колледж директорлары мектеп мұғалімдерінен төмен еңбекақы алады. «Сондықтан бұл жерде өте маңызды өзгерістер қажет. Министрліктің де өз ұстанымы бар – біз тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, келесі оқу жылында бұл міндетті толық шешу үшін бар күшімізді саламыз», – деді министр. А. Аймағамбетов атқарылған жұмыс нәтижелерін атап өтті. Қазіргі уақытта колледж педагогтері санатын көтергені үшін қосымша ақы ала алады. Бұрын бұл аттестаттаудан өту үшін жасалатын. Сондай-ақ 180 колледж қайта жабдықталды, колледждерде өздерінің білім беру бағдарламаларын нарық пен жұмыс берушілердің талаптарына өзгерте алады.