Кибершабуылдан келген қатер
Кибершабуылдан келген қатер
Жыл басынан бері интернет-алаяқтар қазақстандықтарға 7 миллиард теңге шығын келтірген. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл 12 мың интернет-алаяқтық тіркелген. 571 адам ұсталып, 17 қылмыстық топ әрекетінің жолы кесіліпті.
«Интернет-алаяқтық ең көп тіркелген өңірлер: Нұр-Сұлтанда – 2295, Алматыда – 1486 және Қарағанды облысында – 1150 дерек» делінген хабарламада.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға профилактикалық және ескерту SMS-хабарламаларын жібере бастаған болатын.
«Ұялы байланыс тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан, Қазақстанның әрбір тұрғынына қолжетімді болғандықтан, алаяқтық дерегі туралы ақпаратты SMS арқылы жіберу азаматтардың кең ауқымын жедел хабардар етуге мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.