Маңғыстауда битум тиелген жүк көлігі мен жол талғамайтын көлік соқтығысты – видео
Маңғыстауда битум тиелген жүк көлігі мен жол талғамайтын көлік соқтығысты – видео
Фото: Видеодан скриншот
Маңғыстау облыстық Полиция департаментің мәліметінше, жол апаты Ақтау-Жаңаөзен тасжолында 14 тамызда сағат 17:00 шамасында жанармай құю бекетінің маңында болды, - деп жазады Lada.kz. Битум тиелген, тіркемесі бар HOWO маркалы жүк көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Темір қоршауды жайпап өтіп, жанармай бекетіне қарай келе жатқан Toyota Land Cruiser Prado көлігімен соқтығысты.   https://youtu.be/YeJw_DEwuzE Жол апатынан адамдар зардап шеккен жоқ. Жүк көлігінің иесіне полицейлер ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша хаттама толтырды.