«AMANAT»: елорда филиалынан 2000-ға жуық бала жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтар алады
«AMANAT»: елорда филиалынан 2000-ға жуық бала жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтар алады
Мектеп жасындағы бүлдіршіндерге жаңа оқу жылы басталар алдында қуаныш сыйлап, оқушыларды керек-жарағымен қамтып келе жатқан акция биыл да жалғасын тапты. «AMANAT» партиясының жыл сайын өткізетін «Баланы мектепке даярлайық!» атты қайырымдылық акциясы өтті.    width= Іс-шараның мақсаты – тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындық бойынша қолдау көрсету. Қайырымдылық іс-шараға «AMANAT» партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысының бірінші орынбасары Сақтаған Сәдуақасов және басқа да партия өкілдері қатысты.  width= Акция аясында партия өкілдері аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға оқуға қажетті жабдықтарға толы сөмкелер сыйға тартты. Сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасылардың шаңырақтарына барып, мектепке қажетті құралдар табыстады. "Мектеп жасындағы бүлдіршіндерге жаңа оқу жылы басталар алдында қуаныш сыйлап, оқушыларды керек-жарағымен қамтып келе жатқан акция биыл да жалғасын тауып отыр. Іс-шараның мақсаты – тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындық бойынша қолдау көрсету. Мұндай көмекті 1 қыркүйекке дейін ата-аналары «AMANAT» партиясының филиалдарына көмекке жүгінген балалар алады. Бұл қайырымдылық іс-шарасы республика бойынша өтеді", – деді «AMANAT» партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысының бірінші орынбасары Сақтаған Сәдуақасов.