«AMANAT»: елорда филиалынан 2000-ға жуық бала жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтар алады

«AMANAT»: елорда филиалынан 2000-ға жуық бала жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтар алады

Мектеп жасындағы бүлдіршіндерге жаңа оқу жылы басталар алдында қуаныш сыйлап, оқушыларды керек-жарағымен қамтып келе жатқан акция биыл да жалғасын тапты. «AMANAT» партиясының жыл сайын өткізетін «Баланы мектепке даярлайық!» атты қайырымдылық акциясы өтті.   Іс-шараның мақсаты – тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындық бойынша қолдау көрсету. Қайырымдылық іс-шараға «AMANAT» партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысының бірінші орынбасары Сақтаған Сәдуақасов және басқа да партия өкілдері қатысты. Акция аясында партия өкілдері аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға оқуға қажетті жабдықтарға толы сөмкелер сыйға тартты. Сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасылардың шаңырақтарына барып, мектепке қажетті құралдар табыстады. "Мектеп жасындағы бүлдіршіндерге жаңа оқу жылы басталар алдында қуаныш сыйлап, оқушыларды керек-жарағымен қамтып келе жатқан акция биыл да жалғасын тауып отыр. Іс-шараның мақсаты – тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындық бойынша қолдау көрсету. Мұндай көмекті 1 қыркүйекке дейін ата-аналары «AMANAT» партиясының филиалдарына көмекке жүгінген балалар алады. Бұл қайырымдылық іс-шарасы республика бойынша өтеді", – деді «AMANAT» партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысының бірінші орынбасары Сақтаған Сәдуақасов.