Елімізде күз жылы болады деп күтілуде

Елімізде күз жылы болады деп күтілуде

Күзде жаңбырлы күндер, құбылмалы ауа райы, жаңбыр, екпінді желмен қатар, жылы шуақты күндер де болады, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

"Күзге арналған консультативтік маусымдық ауа райы болжамына сәйкес, күздің алғашқы екі айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы, 1-2°-қа нормадан жоғары болады деп болжануда. Қараша айы, республиканың басым бөлігінде жылы, ал Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстік-батысында, Павлодар облысының солтүстік жартысында — норма шегінде жылы болады деп болжануда", - делінген хабарламада.
Қыркүйек және қазан айларында жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде нормадан аз болады деп болжануда, яғни көбінесе құрғақ болады. Қараша айында елдің көптеген облыстарында жауын-шашын — климаттық нормаға жақын болады деп күтіледі.