Саясаттанушы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Нұрмұхамед Байғара Президент баспасөз хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұған дейін Нұрмұхамед Байғара Аiqyn газетінің бас редакторы болды. AMANAT партиясының Саяси жұмыс департаментінің директоры қызметін атқарды. Сондай-ақ «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында саяси-сараптамалық бағдарламаларды эфирге шығарып, саяси ток-шоуларды тізгіндеген тележүргізуші ретінде көрерменге жақсы танылған. Кейіннен республикалық «Egemen Qazaqstan» газеті АҚ Басқарма төрағасына кеңесшісі, бас редакторының орынбасары болды. Нұрмұхамед Байғара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану», «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Ланкастер университетін «Жобаларды басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.