Доллар бағамы 0,36 теңгеге қымбаттады
Доллар бағамы 0,36 теңгеге қымбаттады
236
оқылды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 0,36 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа құны 476,58 теңге болды. Ұлттық банктің 15 тамыздағы ресми бағамы 1 долларға – 476,18 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 476 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 480 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 475 теңгеден болса, сатып алу құны – 479 теңге. Ресей рублі 7,25 - 7,45 теңге аралығында құбылып тұр.