Тұңғыш спикерді еске алды
Тұңғыш спикерді еске алды
Жыл сайын Мәжілістің ең бірінші төрағасы Марат Оспановтың аруағына тағ­зым етіп, құрмет-қошемет білдіру – Парламенттің осы палатасында игі дәс­түрге айналды. Елбасы­ның­ қа­нат­тасы, белгілі мем­лекет және қоғам қай­раткері, 20 жыл бұрын дү­ниеден өткен Марат Тұр­дыбекұлына арналған кон­ференция ая­сында «Отанға адал қызмет ету» атты кітаптың тұсауы кесілді. Іс-шараға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Парламент депутаттары, қоғам қайрат­кер­лері, сондай-ақ М.Оспановтың от­басы мүшелері, туған-туыс­та­ры және жақындары қатысты.
– Марат Оспанов туралы ес­теліктер Қазақстанымыздың еге­менді ел атанған тарихи кезе­ңімен қатар айтылады. Себебі Марат Тұрдыбекұлы Тұңғыш Пре­зидент Нұрсұлтан Назар­баев­тың сенімді серігі бола жү­ріп, тәуелсіздікке жету, оны қа­лып­тастыру және дамыту жо­лын­да аянбай еңбек етті, – деді конференцияны ашқан спикер.
М.Оспановтың мол біліміне, ерекше қабілетіне, батыл міне­зіне сүйсініп, оның Қазақстан­ның заманауи салық жүйесін қа­лыптастыруға және ілгері­ле­туге, шетелдік инвестициялар тар­тып, тиімді пайдалануға, со­нымен қатар отандық парламен­таризмді дамытуға зор үлес қос­қанына тоқталған Нұрлан Зай­рол­лаұлы оның еңбек жолы ұр­паққа үлгі болатынын атап өтті. Марат Оспанов басқарған жылдары Парламент палатасы жан-жақты және табысты еңбек етті. Заң шығарушы орган 400-ден астам заң қабылдаған. Сол уақытта өмірге жолдама алған барлық заңдарда, соның ішінде экономикалық құжатта Марат Тұрдыбекұлының қолтаңбасы, жеке үлесі бар.
– Ол тек заң шығару қыз­ме­тімен айналысып қана қоймай, қоғамдық жұмысқа, соның ішінде мәдениет, спорт саласын нығайтуға белсене араласты. Марат Оспанов – бүкіл өмірін егемен еліміздің дамуына арна­ған білікті саясаткер, іскер бас­шы, қайраткер тұлға, – деді Н.Нығматулин.
М.Оспановпен бірге жұмыс істеген әріптестері, қасында жүрген достары өз естеліктерінде тұлғаның адамгершілік және кәсіби қасиетіне назар аударды. Екі тілде шыққан кітапта М.Оспанов пен оның азаматтық ұстанымы, адами қыры тура­лы естеліктер жинақталған. Конференция аясында Мә­жілісте фотокөрме ұйымдасты­рыл­ды, онда Мәжі­ліс­тің тұңғыш спикері өмірі мен қызметінің жарқын сәтін бейнелейтін мұ­ра­ғаттық фото­су­реттер ұсынылды.   Айхан ШӘРІП