Семейде жиендерін құтқармақ болған ер адам Ертіс өзеніне батып кетті
Семейде жиендерін құтқармақ болған ер адам Ертіс өзеніне батып кетті
363
оқылды
Семей қаласының тұрғыны жиендерін құтқарамын деп өзі өзенге батып кетті. Бұл туралы Semeynews.kz сайты хабарлады. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 15 тамыз күні сағат 15:45-те диспетчерге Ертіс өзенінде ер адамның суға батып кеткені туралы хабарлама түскен. 42 жастағы азамат жиендерімен бірге Семей арнасына келіп, балық ауламақ болғаны анықталды.
«Өзенді кесіп өтіп жатқанда, екі бала суға бата бастаған. Осы кезде балаларды құтқарамын деп ер адам суға кеткен. 16:23-те құтқарушылар келіп, мәйітті жағаға шығарды», – деп түсіндірді ТЖД.  
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.