Талдықорғандағы полиция департаменті ғимаратына мина қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды

Талдықорғандағы полиция департаменті ғимаратына мина қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды

Сағат 18:30 шамасында Талдықорғандағы облыстық полиция департаменті ғимараттарының біріне мина қойылғаны туралы аноним қоңырау келіп түсті. Ғимарат толық тексеріліп, ақпарат расталмады. Көп ұзамай қоңырау шалған адам ұсталды.
Ішкі істер министрлігінің телеграм-арнасының жазуынша, жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен соң жеке құрам ғимараттан эвакуацияланған. Оқиға орнына саперлер, кинологтар және басқа да мамандар шақырылды.
"Олар ғимаратты толық тексерді. Ақпарат расталмады", – деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, қоңырау шалған тұлға көп ұзамай анықталды.