Көрсеткіш көңіл көншітпейді
Көрсеткіш көңіл көншітпейді
390
оқылды
Қазақстан биылғы бірінші жартыжылдықта қылмыс деңгейі бойынша 142 елдің рейтингісінде 47-орынға шыққан. Тізімдегі орын неғұрлым жоғары болса, елдегі қылмыс мәселесі де соғұрлым нашар. Аталған рейтинг соңғы 36 айдағы деректерді пайдалана отырып, жылына екі рет жасалады. Мемлекеттегі қылмыс деңгейі қылмыс индексін бағалау негізінде есептеледі. 0-ден 19,99-ға дейінгі көрсеткіш – қылмыс деңгейі өте төмен, 20-дан 39,99-ға дейін – төмен, 40-тан 59,99-ға дейін – орташа, 60-тан 79,99-ға дейін – жоғары, ал 80-нен асса бұл өте жоғары дегенді білдіреді. 2022 жылдың бірінші жартысында 83,16 және 80,26 индекстерімен Венесуэла мен Папуа-Жаңа Гвинея қылмыс деңгейі бойынша тізім соңында. Одан кейінгі орындарға Ауғанстан (78,19 индексімен 3-орын), Оңтүстік Африка (75,37 индексімен 4-орын) және Гондурас (74,66 индексімен 5-орын) жайғасқан. Қазақстанның индексі – 53,04, бұл – орташа деңгей. Бізден кейін 48-орында 52,13 индексімен Уругвай, біздің алдымыздағы 46-орында 53,25 индексімен Алжир бар.

Азат ҚАЗАҚ