COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 16 тамыздағы эпидемиологиялық жағдайды жариялады. Өткен тәулікте коронавирус 1 104 адамнан анықталды. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 236, Алматы қаласында – 88, Шымкент қаласында – 11, Ақмола облысында – 78, Ақтөбе облысында – 61, Алматы облысында – 6, Жетісу облысында – 29, Атырау облысында – 27, Шығыс Қазақстан облысында – 31, Абай облысында – 12, Жамбыл облысында – 6, Батыс Қазақстан облысында – 105, Қарағанды облысында – 137, Ұлытау облысында – 4, Қостанай облысында – 85, Қызылорда облысында – 27, Маңғыстау облысында – 31, Павлодар облысында – 71, Солтүстік Қазақстан облысында – 49, Түркістан облысында – 10. Елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 379 791-ге жетті.