Қзақстандық ауыр атлет Айзада Муптилда Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды. Айзада Муптилда +87 келі салмақта серпе көтеруден 116, ал жұлқа көтеруден 150 келі көрсеткішпен Ислам ойындарының рекордын орнатты. Қоссайыс қорытындысы бойынша 266 келіні бағындырған Айзада алдына жан салмай, чемпиондық тұғырға көтерілді. Тағы бір қазақстандық Любовь Ковальчук дәл осы салмақта серпе көтеруден 114 кг, жұлқа көтеруден 147 кг, жалпы есепте 261 келімен күміс жүлдеге ие болды. Осылайша, А.Муптилда үш алтын, Л.Ковальчук үш күміс медальді еншіледі. Спортты дамыту дирекциясының мәліметіне сәйкес, ауыр атлеттер Қазақстан құрамасы қоржынына 8 алтын, 15 күміс, 3 қола жүлде салды. Жерлестеріміз күнделікті топ жарып, жеңіс тұғырына көтерілді. Қазір қоржынымызда 69 медаль. Оның 19-ы алтын. Түркияның Конья қаласында Ислам ынтымақтастық ойындары жалғасып жатыр.
Кербез ЕСІМХАН