Алаяқтарға сенген компания басшысы депозитіндегі 15 миллион теңгесінен айырылды
Алаяқтарға сенген компания басшысы депозитіндегі 15 миллион теңгесінен айырылды
Фото: mail.kz
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны алаяқтарға сеніп, 15 миллион теңгесінен айырылды. Polisia.kz-тің жазуынша, СҚО-да 7 айда алаяқтар тұрғындарға 129 рет «банктен қоңырау шалған». Жәбірленушілерге 100 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін шығын келген. Полицияға ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпорын басшысы полицияға арызданды. Оған 2 тамыз күні банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкері атынан белгісіз біреу қоңырау шалған. Ол оның атына біреулердің ірі көлемде несие ресімдеуге әрекет жасап жатқанын айтқан. Сондықтан барлық қаражатты «қауіпсіз шотқа» аудару қажеттігі туралы «түсіндірген». Алаяқтарға сенген жәбірленуші өзінің депозитінен 15 миллион теңгені алып, олардың көрсеткен шотына аударған. Бұл есепшот шын мәнінде, алаяқтарға тиесілі болған. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.