Оқушыларға 400 мектеп формасы тегін берілді

Оқушыларға 400 мектеп формасы тегін берілді

Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Ділмұхамед Әбізов аз қамтылған отбасылардың оқушыларына көмек көрсетті. 
"Еліміздің барлық өңірінде «AMANAT» партиясының ұйымастыруымен жүзеге асырылып жатқан «Баланы мектепке даярлайық!» республикалық акциясынан Қалалық мәслихат депутаты ретінде мен де қалыс қалмауды жөн көрдім. Аталмыш акция аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуді көздейді. Осы орайда «DALATEX» тігін фабрикасында шығарылған 100 мектеп формасы Шиелі ауданы мектептеріне және 300-ге жуық мектеп формасы қала аумағында орналасқан мектептерге сыйға тартылды.Сондай-ақ, бағаны тұрақтандыру және мектеп формаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 7000 теңгеден 600 мектеп формасының жиынтығы сатылымға шығарылды", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұған дейін «Samruk-Kazyna Trust» компаниясы бірінші сынып оқушыларын мектепке дайындауға 185 млн теңге бөлгенін хабарлаған болатынбыз.