Доллар бағамы 0,39 теңгеге төмендеді
Доллар бағамы 0,39 теңгеге төмендеді
233
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,39 теңгеге төмендеп, 1 доллар 476,20 теңге болды. Ұлттық банктің 17 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 476,58 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 476 теңге, сатып алу – 480 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 474 теңгеден болса, сатып алу – 479 теңге. Ресей рублі 7,3 – 7,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.