Жол картасымен салынып жатқан тұрғын үйдің сапасы талапқа сай болуы тиіс – Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан
Жол картасымен салынып жатқан тұрғын үйдің сапасы талапқа сай болуы тиіс – Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан
351
оқылды
Мәжіліс депутаттары өңірлерде жұмысын жалғастырып, облыс, аудан орталықтарын аралап, еңбек ұжымдарымен, ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізуде. Онда халықты әлеуметтік қолдау шараларына, мемлекеттік бағдарламаларды жергілікті жерлерде жүзеге асыру мәселелеріне баса назар аударуда. Бүгін Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Алматы облысының Есік қаласында  «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуын жүзеге асырудың Жол картасы шеңберінде салынып жатқан 60 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысымен танысты.    width= Кездесуде Ж.Әшімжан қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы, оның ішінде депутаттардың әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған заңнамалық бастамалары туралы айтты. Сонымен қатар нысандағы құрылыс жұмыстарының сапасы уәкілетті органдардың қатаң қадағалауында болуы тиіс екенін де атап өтті. Өз кезегінде құрылыс компаниясының өкілі Болат Ишназаров қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары 95%-ға аяқталғанын, абаттандыру жұмыстары біткеннен кейін тұрғын үйлер мерзімінде пайдалануға берілетінін айтты. Жалпы Есік қаласында кезекте тұрған тұрғындарға биылғы жылдың төртінші тоқсанында 120 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарланған.