Абай облысында ер адам көршісінің 9 жасар қызын зорлады деген күдікпен ұсталды
Абай облысында ер адам көршісінің 9 жасар қызын зорлады деген күдікпен ұсталды
Фото: www.nur.kz
526
оқылды
Абай облысында 9 жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады. 
"14 тамыз күні кішкентай қызды зорлау фактісі бойынша анасының арызы негізінде облыстық Полиция департаментінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеу барысында ҚР Қылмыстық кодексінің 120 және 121-бабының 4-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер бойынша айып тағылған күдікті адам анықталды", – делінген хабарламада.
Сол күні күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Күдікті 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Істің барлық мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Балаға медициналық көмек көрсетілді. Қылмыстық істі тергеу және болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды", – делінген ұсынылған мәліметте.