Ақтауда пәтерден ер адам мен әйелдің мәйіті табылды
Ақтауда пәтерден ер адам мен әйелдің мәйіті табылды
© gov.kz
1,269
оқылды
Ақтауда полицейлер адам өлтірген қылмыскерді “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 17 тамыз күні сағат 10:40 шамасында 102 кезекші пультіне 14 шағын аудандағы пәтерлердің бірінен ер адам мен әйел адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы барды. 28 жастағы күдікті “ізін суытпай” анықталып, ұсталды. Ол Ақтау қаласы Полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.