Алматы облысының тұрғындары жарылыстың алдын алған офицерге алғыс айтты – видео
Алматы облысының тұрғындары жарылыстың алдын алған офицерге алғыс айтты – видео
Фото: polisia.kz
395
оқылды
Өрт 13 тамызда Алматы облысы Қаракемер ауылынан бірнеше шақырым жерде болған. Әскери қызметшінің ерлігі жуырда ғана кафе иесі әскери бөлімге алғыс айтқан соң белгілі болды, – деп жазады Polisia.kz. Сол күні сағат 14.00-де Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Бақыт Ташкенбаев отбасымен Есік елді мекеніне қарай жолға шыққан. Әскери қызметші жол бойындағы «Алатау холл» кафесінен шыққан қалың түтінді байқайды. Офицер көмек сұраған дауыс шыққан жаққа жүгірген.
«Сол кезде мейрамханада өрттің алдын алуға тырысқан әйелдер ғана болды. Ең алдымен, мен от шыққан асүйге жүгірдім. Түтін арасынан екі газ баллонды көрдім, оны ажыратып, көшеге шығардым. Осыдан кейін әйелдер өрт екінші қабатқа өтеді деп айқайлады. Салтанат залына жүгіріп барып, екінші қабаттан жиһаздарды шығарып, ғимараттың төбесіне оттың өтуіне жол бермеу үшін перделерді жұлып ала бастадым», – дейді Бақыт Жүнісұлы.
Ұлттық ұланның әскери қызметшісі өрт сөндіру машинасы келгенге дейін өртті өз бетінше сөндірді. Азаматтарды қауіпсіз жерге шығарды. Өрт сөндірушілер келгеннен кейін ол батылдық пен кәсібилік көрсетіп, көмек көрсетті.   https://youtu.be/zEx_4j0K5Kw Аман қалған тұрғындар офицерге газ баллоны жарылмай, апаттың алдын алғаны үшін алғыс білдірді.