Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 7 адам жарақат алып, 2 адам қаза тапты
Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 7 адам жарақат алып, 2 адам қаза тапты
Фото: ПД-нен алынды
БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты кеше Казталов ауданында болған. Кеше шамамен сағат 14.20-да Казталов-Жалпақтал-Чапаев жолының 145-шақырымында 1999 жылы туған жүргізуші «Лада Приора» автокөлігімен 1984 жылы туған тұрғынның «Лада Веста» көлігіне жол бермей, соқтығысқан. «Лада Приора» автокөлігінің жолаушылары қаза тапты. Қалған 7 адам ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес, тергеу жүргізіліп жатыр.