Түркістан облысында 10 қап қант алып, жалған түбіртек көрсеткен ер адам ұсталды – видео
Түркістан облысында 10 қап қант алып, жалған түбіртек көрсеткен ер адам ұсталды – видео
Фото: polisia.kz
Ордабасы ауданында дүкеннен 10 қап қант алып, жалған түбіртек көрсеткен ер адам ұсталды, – деп жазады Polisia.kz. Ордабасы аудандық полиция бөліміне арызданған әйелдің айтуынша, оның азық-түлік дүкенінен танысы 10 қап қант сатып алып, жалған түбіртек көрсеткен. Шығын көлемі – 186 мың теңге. Аталған жайтты полицейлер ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.   https://youtu.be/6aEIIUOwpSc Полицейлер күдіктіні ұстады. Ол жалған түбіртек көрсетіп, қантты алып, оқиға орнынан кетіп қалған. Шекерді сатып, ақшасын жаратып жіберген. Мән-жайды анықтау үшін тергеу басталды.