Деструктивті діни ағымның жетегінде жүрген ер адам педофил деген күдікке ілінді
Деструктивті діни ағымның жетегінде жүрген ер адам педофил деген күдікке ілінді
Фото: yandex.kz
495
оқылды
Деструктивті діни ағымды ұстанатын ер адам педофил деген күдікке ілінді, – деп жазады Polisia.kz. ІІМ, Алматы қаласы және Қарағанды ​​облысы бойынша ПД және ҰҚКД қызметкерлері бірлесіп күдіктіні іздеді. 15 тамызда кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен 51 жастағы А. есімді ер адамды ұстады. Ол республикалық іздеуде жүрген. «Таблиги Джамаат» діни экстремистік ұйымына қатысы бар Теміртау қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген. Қылмысты ашу үшін күдікті А. Қарағанды ​​облысының уәкілетті органдарына берілетін болады.