Алтай Көлгінов баласы бар отбасыларға қандай қолдау көрсетілетінін айтты – видео

Алтай Көлгінов баласы бар отбасыларға қандай қолдау көрсетілетінін айтты – видео
Фото: Александр Куприенко

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында отбасыларға қандай көмек көрсетіліп жатқанын мәлім етті, – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Жұмысымыздың басты бағыты – әлеуметтік көмек. Қалалық мәслихат отырысында баласы бар отбасыларға қолдау көрсету шаралары талқыланды. Аталмыш әлеуметтік бағдарламаларға соңғы 3 жылда 500 млрд теңге бөлінді.

Бірінші. Мектептер

Жаңа оқу жылында тағы 11 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Осы оқу орындары арқылы 20 мыңнан астам оқушы қамтылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада 3 жыл ішінде 34 мектеп салдық. Осылайша, 70 мың оқушы орны ашылды.

Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына әрбір ауданда (шағынаудандарда) оқу орындары болу керектігі жөнінде арнайы бағыт бекітілді.

Екінші. Жалпыға міндетті білім беру

Жалпыға міндетті білім беру аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арнап 670 млн теңге бөлінеді. Аталған әлеуметтік көмек түрімен 17 600-ден астам бала қамтылады. Бұл көмек мектеп киімін, аяқкиім, кеңсе тауарларын сатып алуға арналған.

Аталмыш материалдық көмекпен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 16 700-ден астам бала қамтылады. Әр балаға 40 мың теңгеден бөлеміз. Сол сияқты «Мектепке жол» секілді өзге де акциялар бар.

Үшінші. Қоғамдық көлік

2021 жылдың наурыз айынан бастап балаларымыз үшін қоғамдық көлікте тегін жүру әдісін енгіздік. Кәмелетке толмаған кез келген адам елорда мен қала маңында автобуспен тегін қатынай алады. Оқушылар мектептен кейін түрлі үйірмелерге қатысатынын, достарымен кездесетінін ескерер болсақ, бұл шара кез келген отбасына айтарлықтай көмек болмақ. Әсіресе бірнеше баласы бар отбасылар үшін.

Қоғамдық көлікпен тегін қатынау әдісі енгізілгелі бері оқушылар жалпы саны 34 млн 300 мыңнан астам жол жүрді.

Төртінші. Тамақтану, кітаптар

Тегін тамақтануға (1-4-сыныптардың барлық оқушысы, 5-11-сыныптарда мұқтаж отбасылардан шыққан балалар) 12 млрд теңге, мектеп оқулықтарын сатып алуға 2,2 млрд теңге және т.б. бөлінеді.

Бесінші. Бос уақытты тиімді өткізу

Балалар мен жасөспірімдерге арналған мектептерді күтіп ұстау үшін 3 жыл ішінде 8,5 млрд теңге бөлінді, сондай-ақ балалар клубтарының желісі едәуір кеңейді, «Білім-парк» ғылым және шығармашылық орталығы, SANA креативті білім беру орталығы, TANYM креативті технологиялар орталығы ашылды, 750-ге тарта аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды, спорттық және шығармашылық тапсырыстарға және т.б. мемлекеттік тапсырыс бөлеміз.

 

Алтай Көлгінов баласы бар отбасыларға қандай қолдау көрсетілетінін айтты – видео

Аталған шаралардың бәрі әлеуметтік көмекпен қамтуға және білім алу үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ бос уақытты тиімді ұйымдастыруға, спортқа баулуға мүмкіндік береді», – деп жазды Алтай Көлгінов.

 

 

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.