Көкшетаулық дәрігерлер басына істік темір кіріп кеткен баланы аман-есен құтқарып қалды. Бұл туралы Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, темірді алғаннан кейін баланың көзі мен миы аман қалған. Сондай-ақ ірі тамырларына еш зақым келмепті.
«Ақмола облыстық балалар ауруханасында құрамында жақ және бет хирургі Д.Федоров, лор-дәрігер Г.Жүнісова және нейрохирург дәрігер Н.Ысқақовтар болған команда кәсіби тұрғыда керемет операция жасады. Балақай жейдемен өмірге келгендей! Қазір ол кәдімгі палатаға ауыстырылған», – деді басқарма басшысы Нариман Сыздықов.Қазір ауыр операция жасалған баланың жағдайы қалыпты. Ауруханада дәрігерлердің бақылауымен әрі қарай ем қабылдап жатыр.