Қостанайда 484 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды
Қостанайда 484 миллион  теңге бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанайда мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. 
«Қаражат шаруа қожалықтарына субсидия ретінде күн энергиясын пайдаланып, құдықтардан су көтеретін құрал-жабдықтар алуға бөлінді. Сот үш айыпталушыны құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Үкім заңды күшіне енді. Нәтижесінде,  іске қатысы бар бір адам 5 жылға, қалғандары 6 жылға бас бостандығынан айырылды»,–  делінген хабарламада.