Қабырғалары жарылып, төбесі түсіп қалған: Талғардағы 3 миллиард теңгеден астам сомаға салынған мектепте тексеріс басталды
Қабырғалары жарылып, төбесі түсіп қалған: Талғардағы 3 миллиард теңгеден астам сомаға салынған мектепте тексеріс басталды
Алматы облысының прокуратурасы Талғардағы 3 млрд теңгеден астам сомаға салынған мектеп құрылысының сапасын тексеруге кірісті.
«Алматы облысының прокуратурасы Талғар қаласында 1 200 орындық мектеп құрылысының сапасын бақылауға алды. Құны 3,1 миллиард теңге болатын мектептің құрылысы 2021 жылдың соңында аяқталған. Қазір  шатырдың сапасы, ішкі әрлеу жұмыстары және аумақты абаттандыру бойынша ақаулар анықталды. Тиісті шаралар қабылдау үшін тексеруге уәкілетті органдардың мамандары тартылды», делінген хабарламада.
Прокуратура тексеру қорытындысы дайын болғаннан кейін қабылданған шараларды жариялайды. Еске салайық, Талғарда 3 млрд теңгеге салынған су жаңа мектептің сапасы сыр беріп, іші қирай бастаған еді. Әлеуметтік желіде тараған фотолардан ғимараттың қабырғалары жарылып, төбесінің түсіп қалғанын байқауға болады.