Алматыда өз ұлын соққыға жыққан ер адам қамауға алынды
Алматыда өз ұлын соққыға жыққан ер адам қамауға алынды
© gov.kz
214
оқылды
Алматыда өз ұлын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлайды. Жасөспірім 15 тамыз күні ауруханаға жеткізілді. Оған жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының жарақаты, маңдай қуысының алдыңғы қабырғасының сынуы, мұрын сүйектерінің сынуы диагнозы қойылды.
Алатау аудандық Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті   К.есімді азамат ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша ұсталды және УҰИ-ге қамалды.
Тергеу барысы Алматы қаласы Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.