Аграрлық несие корпорациясы кредиттік серіктестіктерді қаржыландыру көлемін ұлғайтуда
Аграрлық несие корпорациясы кредиттік серіктестіктерді қаржыландыру көлемін ұлғайтуда
487
оқылды
Аграрлық несие корпорация желісі бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландырудың жалпы көлемінің 40 пайыздан астамы кредиттік серіктестіктер арқылы рәсімделеді. Бұл туралы Ақтау қаласында АӨК кредиттік серіктестіктер қауымдастығы мен Аграрлық кредиттік корпорация ұйымдастырған кредиттік серіктестіктердің IV форумында айтылды. Шағын және орта бизнесті кредиттеу, оның ішінде ауылда кәсіпкерлік бастамаларды дамыту елдің қаржы секторы үшін негізгі басымдық болуы тиіс. Бұл туралы Президент Қ.Тоқаев былтыр қараша айында Алматыда өткен жетекші қаржы және банк құрылымдарының өкілдерімен кездесуде айтқан болатын. корпорация
– Шағын және орта бизнесті қолдау «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Қазына Капитал Менеджмент және Аграрлық несие корпорациясы арқылы жүзеге асырылады. Корпорация желісі бойынша кредиттік серіктестіктер жүйесі арқылы қаржыландырудың тиімді тетігі құрылды. Бүгінде КС Қазақстанның барлық аудандары мен облыстарында жұмыс істейді. Олардан 17 мыңнан астам кәсіпкер қарыз алып отыр. КС жүйесінің артықшылықтары олардың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге тікелей жақын орналасуы, нақты жолға қойылған кредит беру жүйесі, қатысушылардың өз өңірін дамытуға мүдделілігі болып табылады, – деді «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев.
Аграрлық несие корпорациясы – бүгінде АӨК субъектілеріне қолжетімді кредит беруді ұсынатын ең ірі қаржы институты. Ол тікелей қаржыландыру арқылы да, екінші деңгейлі банктерді, микроқаржы ұйымдарын, лизингтік компанияларды қорландыру арқылы да жұмыс істейді. корпорация Былтыр Корпорация несиелік серіктестіктер желісін несиелеуге 109 млрд теңге бағыттады, сондай-ақ 6,4 мың жоба қаржыландырылды. Оның ішінде «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына – 26,5 млрд теңге, техника мен жабдықтар сатып алуға – 29,6 млрд теңге, ауыл шаруашылығы малдарын сатып алуға – 35,7 млрд теңге, өзге де мақсаттарға  18,1 млрд теңге бөлінді.
– Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында шамамен 7 мың фермер 182,5 млрд теңгеге қаржыландырылды. Бұл ретте жиынтық қаржыландыру үлесінің 43 пайызын немесе 78,8 млрд теңгені сапалы дамуы корпорациясының негізгі міндеттері мен басымдықтарының бірі болатын кредиттік серіктестіктер желісі алады. Осы жылы КС-ны қаржыландыру жоспары 129 млрд теңгені құрайды, ал келесі жылы 140 млрд теңгеге дейін беруді жоспарлап отырмыз, –  деп атап өтті «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков.
Маңғыстау облысында үш кредиттік серіктестік жұмыс істейді. Олардың көщбасшысы – «Мұнайлы несие». Оның құрамына 140-тан астам фермер кіреді. Жыл басынан бері серіктестік жалпы сомасы 344,3 млн теңгеден асатын 18 жобаны несиелендірді.
–Қазақстанда еліміздің 158 ауданында 206 несие серіктестігі жұмыс істейді, олар 23,5 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді біріктіреді. Алайда жаңа заман жаңа жағдайларды талап етеді. Сондықтан біз ауылды жерлер мен моноқалалардағы шағын және микробизнесті қаржыландыру үшін КС әлеуетін кеңейту бойынша жұмыс істейтін боламыз. Бұл жұмыс қосымша қорландыруды іздеуді, Апекс қорын құруды, сондай-ақ КС-дағы процестерді оңтайландыруды қамтиды, – деп мәлімдеді АӨК кредиттік серіктестіктер қауымдастығының басқарма төрағасы Альмира Сағатова.
Кредиттік серіктестіктердің IV форумы барысында корпорация мен кредиттік серіктестіктердің өзара іс-қимылының өзекті мәселелері, бизнес-процестерді жетілдіру стратегиясы мен оңтайландыру талқыланды. Форумға 140-тан астам несие серіктестіктерінің басшылары, жақын және алыс шетелдердегі несие кооперацияларының басшылары қатысты. корпорация Сондай-ақ форум барысында Маңғыстаудағы қожалықтың тыныс-тіршілігі көпшілікке таныстырылды. Төрт түлікті кәсіп көзіне айналдырған Болат Есенәлиев Аграрлық несие корпорациясынан несие алып, қожалығын кеңейткен. Кәсіпкер алған несиесіне мал бордақылау кешенін ашқан. Ақтау қаласының маңында орналасқан «Ақжол» шаруа қожалығы Аграрлық несие корпорациясының тиімді қаржыландыру тетіктерін іске асыру нәтижесінде кәсібін өрге домалатып отыр. корпорация
«Өткен жылы өңірдегі «Мұнайлы несие» серіктестігі арқылы 33 млн теңге алып, арнайы техникаға қол жеткіздік. Қалғанына 20 бас құлынды бие, 3 боталы түйе алдық. Былтыр Маңғыстауда қуаңшылық болды. Сондықтан Ақтөбе облысынан жерді жалға алып, жылқыны сол жаққа апардық», – деді шаруашылық басшысы Болат Есенәлиев.