Ақтөбеде қабаған ит екі баланы қауып алды
Ақтөбеде қабаған ит екі баланы қауып алды
204
оқылды
Ақтөбеде қабаған ит екі балаға шабуылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 16 тамыз күні сағат 19.30-да 102 нөміріне Ақтөбе қаласы Маресьев көшесі 75 мекенжайында ит бірнеше адамды тістеген. Мән-жайды анықтау барысында сағат 19.20-да 10 және 16 жастағы кәмелетке толмаған балалар жоғарыда аталған мекенжайдағы аулада ойнап жүрген. Осы кезде оларға жақын маңдағы стаффордшир бультерьер тұқымының иті шабуыл жасаған. Балалардың бірінің ағасы итті көріп, оларды қорғауға тырысқан. Жағдайды көрген көршісі үйінен тіркелген қаруын алып шығып, итті атып, жарақаттады. Ветеринарлық қызмет келгеннен кейін итті ұйықтатып тастады. Кәмелетке толмағандар ауруханаға «оң иық, білек, оң жамбас және сол жақ тізе тістеген жаралар» диагнозымен жеткізілді. Тексеру барысында полиция қызметкерлері иттің иесін анықтады, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 407-бабы  2-бөлігі 1-тармағының 4-бөлігі (Қазақстан Республикасының жануарларға жауапты қарау саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғалды.
«Құрметті үй жануарларының иелері, үй жануарларын қадағалауыңызды сұраймыз. Иттерді серуендету кезінде қауіпсіздік шараларын (тұмылдырықты қолдану, тізгінді пайдалану және т.б.) және жануарларды ұстау ережелерін есте сақтау қажет. Ата-аналар, балаларыңызға сақ болыңыздар», – дейді Ақтөбе облысы ПД.