Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, «Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі... Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» деген болатын. Өскелең ұрпаққа тарихымызды, әдебиетімізді, мәдениетіміз бен дәстүрімізді насихаттап, қоғамдық сананы жаңғырту өте маңызды. Қазір балалар әдебиеті жанрының кенже қалып тұрғаны жиі талқыланады. Бала тәрбиесіне, зердесіне, таным-түсінігіне және қиял-ғажайып әлеміне әсер ететін негізгі құралдардың бірі – балалар әдебиеті оқулықтары мен телеарналар. Қазақ тілінде балалар әдебиеті бағыты бойынша жаңа есімдер жоқтың қасы. Ұлттық сананы тамырынан үзіп алмай, жаңа заманға сай етіп бейімдеудің басты тетіктерінің бірі – жас ұрпақты ұлттық әдебиетіміздің қайнар көзімен сусындата білу. Бұл балалардың таным көкжиегін арттырып, ертегілер мен әңгімелерден пайдалы ақпарат, мол тәлім алуына септігін тигізері сөзсіз. Сондықтан балаларға арнап қалам тербейтін жазушылардың ынтасын арттырып, өскелең ұрпақты адамгершілікке, отансүйгіштікке және т.б. ізгі қасиеттерге баулу өте өзекті. Осыған орай «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ және «Қазақстан Жазушылар одағы» РҚБ Балалар жылы аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастырады. Байқаудың мақсаты – балалар әдебиеті дамыту, қазақстандық балалар әдебиеті жазушыларына қолдау көрсету. Байқаудың қатысушылары: – Қазақ әдебиетіне үлес қосып жүрген және шығармаларымен танылып келе жатқан 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер қатыса алады. Байқаудың тілі: қазақ тілі. Байқаудың бағыттары: Байқауға қатысушылар еркін тақырыпта проза жанры бойынша 2 бағыт бойынша бақ сынайды: – Ертегілер (бастауыш және орта буын мектеп оқушыларына арналған); – Шағын әңгімелер (жасөспірімдерге арналған). Байқаудың мерзімдері: Байқауды өткізу шарттары, тәртібі және мерзімі туралы ақпараттар баспа және интернет БАҚ-та 2022 жылғы 1 шілдеге дейін жарияланады;
- Байқауға қатысушы үміткерлер өздерінің шығармаларын және жеке мәліметтерді толтырып (1-қосымшада берілген), бір файлға жүктеп («Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармалары байқауына» тақырыбымен), saqa01@gmail.com, altyn.saqa01@mail.ru, balalarbaikaui@gmail.com электронды пошталарына 2022 жылғы 19 тамызға дейін (қоса алғанда) жолдауы қажет;
- Байқау шығармалары 2022 жылғы 31 тамызға дейін қазылар алқасының сараптамасынан өтеді;
- Байқау қорытындысы 2022 жылғы қыркүйек айында жарияланады;
- Байқау қорытындысы ретінде 2 бағыт бойынша жинақталған барлық шығармалар іріктеліп, жинақ ретінде 2022 жылғы қараша айында басылып шығады.
- Бір қатысушы байқаудың екі бағыты бойынша қатыса алады.
- Мерзімінен кешіктірілген шығармалар сараптауға жіберілмейді.
- Байқау жұмыстары MS Word форматында Times New Rоman қарпімен, 14 қаріп мөлшерінде 1,0 аралықта теріліп, 3-5 беттен аспауы керек.
- Балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа, отансүйгіштікке, сананың ашықтығы мен ұлттық бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ ана тілін жетік білуге, әдеби сөздік қорын байытуға бағытталған шығармалар болуы қажет.
- Жасөспірімдер мен өскелең ұрпаққа қызық, заманауи әрі өзекті тақырыптар бойынша фантастикалық және шытырман оқиғаларға толы білімге құштарлыққа, бәсекеге қабілеттілікке, прагматизм қағидаттарына сүйенген шығармалар, сонымен қатар шығармаларда сүйіспеншілік, мейірімділік, қайырымдылық, өмірлік мақсат, әділдік, еңбекқорлық секілді терең ойлы құндылықтар насихатталуы тиіс.
- Қоғамның дамуына жаңаша көзқарас қалыптастыратын, заманауи тұлғаның қабілеттері мен дағдыларын көрсететін, сондай-ақ жастардың қызығушылық тудыратын креатив идеялар және қазіргі шетелдік шығармалармен бәсекелесе алатын туындылар болуы тиіс.
- «Ертегілер:
- «Шағын әңгімелер»:
- қазылар алқасының құрамы іріктеліп, ұйымдастырушылардың шешімімен бекітіледі;
- ұсынған шығармаларды ұйымдастырушылар жанынан құрылған қазылар алқасы қарайды;
- қазылар алқасы 5 адамнан тұрады, олардың әрқайсысы бір дауысқа ие;
- ұйымдастырушы байқау шығармаларын жеке-жеке бағалайды;
- ұйымдастырушылар жеңімпаз атанған үздік шығарма иелерін дипломмен марапаттайды;
- байқауға келіп түскен шығармаларды ұйымдастырушылар іріктеп, арнайы жинақ ретінде басып шығарады.