Сегіз жасар қазақстандық қыз FIDE сыйлығына ие болды
Сегіз жасар қазақстандық қыз FIDE сыйлығына ие болды
© feo.travel
292
оқылды
Сегіз жасар қазақстандық Дилайла Сәдуақасова "Шахматтағы әйелдер жылы" аясында "Азия құрлығындағы көрнекті инфлюенсер. Әлеуметтік желі жұлдызы" номинациясында FIDE сыйлығына ие болды, – деп хабарлады Қазақстан баспасөз клубы.  Баспасөз клубынан хабарлағандай, FIDE тарихында әйелдерге алғашқы жеке жүлделер таяуда Үндістанның Ченнай қаласында өткен 44-Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында табыс етіле бастаған. Халықаралық шахмат федерациясы Дилайланы "Дилайланың шахмат хикаялары" атты бірегей мәдени-ағартушылық жобасын жасағаны үшін марапаттаған. Онда ол шахматтан әлем чемпиондары туралы әңгімелейді. Марапатқа ие болған әйелдер арасында Дилайла жалғыз бала. Айта кетейік, 2022 жылды FIDE "Шахматтағы әйелдер жылы" деп жариялаған еді. Соның шеңберінде Әйелдер шахмат комиссиясы (WOM) түрлі турнир, семинар, подкаст және басқа да қызықты іс-шаралар ұйымдастырып жатыр. Осы маңызды бастама аясында FIDE "Шахматтағы әйелдер жылы" сыйлығына байқау жариялаған. Оның мақсаты – әлемде шахматты насихаттап, дамытуда қажырлы еңбек етіп жүрген әйелдерді марапаттау, олардың бар жетістігі мен үлесін бағалау.