Ақтөбеде ағайынды екі баланы ит қауып алды
Ақтөбеде ағайынды екі баланы ит қауып алды
319
оқылды
Ақтөбеде қабаған ит екі баланы қауып алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі 75 мекен-жайында ит бірнеше адамдарды тістеген. Сағат 19:20-да 10 және 16 жастағы кәмелетке толмаған балалар жоғарыда аталған мекен-жайдағы аулада ойнап жүрген. Осы кезде оларға жақын маңдағы стаффордшир бультерьер тұқымының иті шабуыл жасаған. Балалардың бірінің ағасы итті көріп, балаларды қорғауға тырысқан. Жағдайды көрген көршісі үйінен тіркелген қаруын алып шығып, итті атып, жарақаттады. Ветеринарлық қызмет келгеннен кейін итті ұйықтатып тастады",- деп жазады ақпарат көзі.
Жарақат алған балалар ауруханаға жеткізілген. Тексеру барысында полиция қызметкерлері иттің иесін анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 407-бабының 2-бөлігі 1-тармағының 4-бөлігі (Қазақстан Республикасының жануарларға жауапты қарау саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғалған.
"Құрметті үй жануарларының иелері, үй жануарларын қадағалауыңызды сұраймыз. Иттерді серуендету кезінде қауіпсіздік шараларын (тұмылдырықты қолдану, тізгінді пайдалану және т.б.) және жануарларды ұстау ережелерін есте сақтау қажет. Ата-аналар, балаларыңызға сақ болыңыздар", – дейді полициядан.