Ислам ойындарында Қазақстан қоржынына тағы 3 медаль түсті
Ислам ойындарында Қазақстан қоржынына тағы 3 медаль түсті
959
оқылды
 Спорттық гимнастикадан ұлттық құрама командасының өкілі Аида Бауыржанова Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында үш медаль жеңіп алды. Бұл туралы  Гимнастика федерациясы хабарлады. Аида еркін жаттығулар бойынша алтын, бөрене үстіндегі және қоссырықтағы жаттығулардан сәйкесінше күміс және қола жүлделерге ие болды. Айта кетсек, Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті. Биылғы додада 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталды. Ол 18 тамызда мәресіне жетеді.