София Безрульцева Исламиада чемпион атанды
София Безрульцева Исламиада чемпион атанды
151
оқылды
Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында каратэ-додан София Безрульцева чемпион атанды. Бүгін қазақстандықтар спорттық гимнастика, кикбоксинг, каратэ-до спортынан сынға түсті. Каратэ-до спортынан 68 келіден жоғары салмақта сынға София Безрульцева чемпион атанды. Сонымен қатар, аталған спорт түрінен 17 тамызда Нұрсұлтан Жұмабаев (51 келі), Әлихан Оздоев (67 келі), Марат Өсіпов (71 келі) чемпион атанған еді.