Балалар спортына көңіл бөлінеді
Балалар спортына көңіл бөлінеді
380
оқылды
Елімізде балалар жаттығатын орындарға қойылатын талаптар күшеймек. Қазақстандық балалар Артспорт бағдарламасы аясында спортпен және шығармашылықпен тегін айналысып жатыр. Алдағы уақытта көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасын арттырып, балаларға қолайлы жағдай жасау мақсатында кәсіпкерлерге қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіледі. Бұл жайында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев жария етті. Қазіргі уақытта бағдарлама платформасын Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатқанға ұқсайды.
«Кейбір балалар үйірмелер мен спорттық секцияларға бармаса да, қызмет көрсетушілердің құжаттарында тіркеліп тұрады, олар өз кезегінде әр бала үшін мемлекеттен ақша алып отыр. Әрі сапа мәселесі де на­зардан тыс қалмауы керек. Балалар жатты­ғатын орындарға қойы­ла­тын талаптарды күшейтіп жатырмыз. Ол – ғимараттың санитарлық жағдайы, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау камералары, спорттық және басқа да қажетті жабдықтардың болуы. Мұның барлығы балалардың сапалы бі­лім алуы үшін, қауіп­сіз­дігі үшін жасалады. Спорт түріне байланысты жаттығуды қай жастан бастап жасауға болатыны да нақтыланады», – деді Дәурен Абаев.
Сондай-ақ ведомство мәдениет саласындағы қызметкерлердің еңбекақысын көтеру, туризм саласында кадрлар даярлау, спорттық разрядтар беру мәселесі бойынша өзгерістер енгізуге кіріскен.