Жалпы, 2022-2023 оқу жылына магистратура бойынша 13 мыңнан астам грант бөлінді. Сондай-ақ докторантураға түсу үшін емтихан тапсыру 20 тамызға дейін жалғасады. Емтихан нәтижесі келесі күні докторантураға түсетін адамның «Жеке кабинетінде» жарияланады.Магистратура оқуға 17 мыңға жуық адамнан өтініш түскен. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
«Магистратурада білім алуға бүгінде республика бойынша 17 мыңға жуық адамнан өтініш келіп түсті. Грант иегерлерінің тізімі Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram каналында 25 тамызға дейін жарияланады»,- делінген министрліктің ресми хабарламасында.