Талдықорған әкіміне қысым көрсетіп жатқандар бар
Талдықорған әкіміне қысым көрсетіп жатқандар бар
Брифингте Талдықорған әкімі Әсет Масабаевтан журналистер "Пәтер дауына байланысты қоқан-лоқы жасалды ма?" деп сұрады. Айта кетейік, Талдықорғанда 1 062 пәтер заңбұзушылықпен берілген. Оның ішінде 680 пәтерді халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдар алса, тағы 383-і мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлерге берілген. Әкімдіктің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов заңсыз баспана алғандардың арасында қазіргі және бұрынғы шенеуніктердің бар екенін нақтылады. Бүгінге дейін қала басшылығы осындай 50-ден астам пәтерді мемлекетке қайтартқызды. Журналистердің сұрағына жауап берген әкім жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты оған тікелей қоқан-лоқы жасалмағанын, бірақ үшінші тұлғалар арқылы қысым көрсетуге тырысатындар барын айтты.
"Тікелей қоқан-лоқы болған жоқ... Үшінші тұлғалар арқылы шыққандар бар, бірақ тікелей ешкім хабарласпады. Әзірге өзімді өте жайлы сезінемін", - деді Талдықорған әкімі.
Сондай-ақ ол заңбұзушылықпен берілген пәтерлердің белгіленген саны оның күткенінен асып түскенін айтты.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta_)