Қазақстанда бір күнде коронавирусқа шалдыққандар саны азайды
Қазақстанда бір күнде коронавирусқа шалдыққандар саны азайды
Фото: sputniknews.com
167
оқылды
  • Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус 951 адамнан анықталды.
Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 163, Алматы қаласында – 80, Шымкент қаласында – 9, Ақмола облысында – 79, Ақтөбе облысында – 23, Алматы облысында – 18, Жетісу облысында – 22, Атырау облысында – 37, Шығыс Қазақстан облысында – 18, Абай облысында – 11, Жамбыл облысында – 16, Батыс Қазақстан облысында – 93, Қарағанды облысында – 118, Ұлытау облысында – 19, Қостанай облысында – 79, Қызылорда облысында – 22, Маңғыстау облысында –31, Павлодар облысында – 62, Солтүстік Қазақстан облысында – 44, Түркістан облысында 7 науқас тіркелді. Елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 381 911-ге жетті.