Шымкентте мақта өңдейтін цех өртенді
Шымкентте мақта өңдейтін цех өртенді
Фото: kaztag.kz
296
оқылды
Шымкентте цех өртенді. Әл-Фараби ауданы Орманов көшесінде орналасқан «Казахское общество слепых» қоғамдық бірлестігінің Шымкент оқу-өндірістік кәсіпорнына қарасты бір қабатты ғимараттағы мақта және ағаш сөрелері жанған.   Шымкент қалалық ТЖД-нің мәліметінше, өрт сөндірушілер мақтаны көшеге шығарған. «Өрт сағат 16.26-да оқшауланып, сағат 17.12-де толығымен сөнді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге 5 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 53 адам, Аппаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері жұмылдырылды. Бұған дейін Шымкентте бір жасар бала токқа түсіп көз жұмғанын жазған болатынбыз.