Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, биылғы 17 шілде күні «ERG RECYCLING» ЖШС өкілдері Ақтөбе қаласы Астана ауданының жергілікті атқарушы органның, эко-белсенділердің және қоғамдық экологиялық қозғалыс басшылығының қатысуымен, Сазды және Бауырластар кентінің тұрғындарымен кездесу өткізген болатын.
Онда компания өкілдері осы елді мекендердің іргесіндегі Сазды карьерінің заңсыз бұзылған жер қыртыстарын қалпына келтіру, яки, рекультивация жасау жобасын жүзеге асыру бойынша жоспарларын таныстыра отырып, тұрғындардың барлық сұрағына жауап берді. Сол жиында рекультивант ретінде қолданғалы отырған қиыршық шебін тастардың үлгілерін жария етті. «ERG RECYCLING» ЖШС-ның осынау әлеуметтік бастамасы ұзақ жылдардан бері іргесінде бей-берекет шашылған қоқыс үйінділеріне наразы тұрғындар тарапынан оң қолдау тапты. Шындығына келгенде, тұрғын үйлерден бірнеше метр жерде орналасқан карьерде шашылған қоқыстың арасында тұрмыстық қалдықтар ғана емес, биологиялық, медициналық қоқыстар бар. Бұл тұста инфекциялық қатер төніп тұрғаны айдан анық. Кездесу қорытындысы бойынша арнайы дайындалған хаттамаға қол қойылды. Жалпы карьердің жер аумағы 15 гектарды құрайды.
1) сол ауданның табиғи жағдайы (климаты, топырақты-өсімдікті жабыны, геологиялық және гидрологиялық жағдайы); 2) ауданды дамыту перспективасы; 3) бұзылған жер аумағының нақты жағдайы, жергілікті жер бедерінің пішіні, табиғи түрдегі шөптің өсу қалыңдығы, топырақ қыртыстарының құнарлы және құнарлы бола алуы мүмкін жерлерінің бар-жоғы, су алып кеткен жерлер, эрозия процестері, ластану деңгейі; 4) химиялық және грануламетрикалық құрамының көрсеткіштері, агрохимиялық және агрофизикалық қасиеттері, қопарылып жатқан жер жыныстарының және олардың шығарылып тасталған аралас қоспаларының инженерлік-геологиялық сипаттамалары; 5) бұзылған жерлердің орналасқан жерлерінің шаруашылық-экономикалық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлары; 6) қоршаған ортаны қорғау талаптары.