Зеленский Ресеймен келіссөз жүргізу шартын мәлімдеді
Зеленский Ресеймен келіссөз жүргізу шартын мәлімдеді
771
оқылды
Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен келіссөздер жүргізуге мүмкіндік беретін шартты мәлімдеді. Бұл туралы ол Львовта Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоғанмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен өткен үшжақты кездесуден кейін айтқан, – деп жазды Anadolu басылымы.
"Ресей басып алған жерлерден кеткенде ғана бейбіт келіссөздер басталады", деді Зеленский.
Сондай-ақ ол Украинаның бұл мәселедегі ұстанымы ешқашан өзгермейтінін ескертті.