Мультимедиялық контентті тарататын құрылғы

Мультимедиялық контентті тарататын құрылғы

Мультимедиалық контентті сымсыз желі интерфейсін қолдана отырып жеткізу жүйесі – арзан, қарапайым және ыңғайлы тәсіл. Мысалы, базалық нұсқада аппараттық платформаға орналастырылған жүйе мультимедиалық контентті лекция немесе семинарда отырған студенттердің мобильді құрылғыларына жеткізе алады. Аталған құрылғының артықшылығы – мобильді, салыстырмалы түрде бағасы қымбат емес, баптауы қарапайым. Өйткені жүйені пайдалану үшін мобильді құрылғыға арнайы мамандандырылған бағдарлама орнатудың қажеті жоқ. Бұл жобаны іске асыру барысында алынған нәтижелер «Цифрлық Қазақстан» саясатын іске асыруда ақпараттық технологияларды дамытуға сөзсіз оң әсерін тигізетінін көрсетіп отыр. Ұсынылған жоба – мультимедиалық контентті кез келген мобильді қондырғы арқылы ноутбук, планшет, смартфон, ТВ экран және тағы сол секілді басқа мобильді қондырғыларға Wi-Fi желісі көмегімен жеткізуге арналған инновациялық әдіс. Өйткені Wi-Fi желісі арқылы мультимедиалық контентті мобильді құрылғыларға жеткізу – жаңаша сұранысқа ие әдіс. Өнертапқыштардың айтуынша, мұндай құрылғыны орта мектептен бастап, ЖОО дейінгі білім беру мекемелерінен бөлек, конференция, семинар, тренинг  ұйымдастыратын орындар да пайдалана алады.